
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы
19 қыркүйектегі № 424 ж/қ бұйрығымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары - әрі Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Бақытнұр Хабиденұлы Калиев тағайындалды.
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Департаменттің Талғар ауданы төтенше жағдайлар бөлімі және Талғар қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен танысып, қызмет атқару орындарын және тұрмыстық жағдайын тексеріп, жеке құрам арасында әскери-қызметтік тәртіпті нығайту бойынша сұқбат жүргізді.
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы