
2023 жылдың 22-24 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған қызметтік міндеттерін орындау кезінде батылдықпен қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған «Бейбіт күннің батырлары» қазақ күресі бойынша турнирде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Қ.Сейдахмет «көрермендер көзайымы» номинациясымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі