Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі №78 бұйрығымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобының құрамы бекітілді.
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен бастап Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасында, анықтау бөлімшелерінде және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты Алматы облысы ТЖД қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылады.
Алматы облысы ТЖД
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы