Іле ауданы Жапек батыр ауылында орын алған өрт жайлы ақпарат

Іле ауданы Жапек батыр ауылында орын алған өрт жайлы ақпарат

2023 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 22:31-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы, Ашыбұлақ ауылдық округінің Жапек батыр ауылында, "Береке" саяжай қоғамында жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына ТЖ департаментінің қызметкерлері дереу барды. Өрт орнына ең жақын орналасқан Боралдай кентінің №9 өрт сөндіру бөлімшесінен қашықтық 15 километрді құрайды.
Барлау және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізу барысында 1981 жылы туған әйелдің және 2010 және 2016 жылы туған балалардың зорлықпен өлу белгілері бар денелері табылды.
Өрт сағат 23:45-те жойылды. Өрттің жалпы ауданы 124 шаршы метрді құрады.
Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖ Департаментінің зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімі жіберілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі