
Құтқарушы - адамдардың өміріне жауапты күрделі һәм қауіпті мамандық иелері. Мұнда тек дененің шымырлығы ғана емес, мінездің де қайсарлығы қажет. Олардың жұмысы батылдық пен шыдамдылықты талап етеді. Олар өртті сөндіріп қана қоймай, табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайларда адамдарды құтқарады. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар дене күші мен ептілікті қолдануы керек, ал оны тек тұрақты жаттығулардың арқасында жетілдіруге болады. Кез келген кәсіпте мықты маман болу үшін оны жақсы көру керек, күн сайын мықтырақ болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек, Отанымыздың азаматтары үшін игі істі орындайтын команданың бір бөлігі болу керек. Көбінесе көмек дереу қажет, әр секунд санаулы болуы мүмкін. Оқиға орнына келген қызметкерлер жағдайды бағалайды, эвакуациялауды ұйымдастырады, алғашқы көмек көрсетеді. Осы іс-әрекеттердің барлығы құтқарушыдан табандылықты, зейінді және шеберлікті талап етеді.
Алматы облысы ТЖ департаментінің жас қызметкерлерінің бірі азаматтық қорғау лейтенанты - Ислам Мақсатұлы. Ол Ресей Федерациясының ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын бітіргеннен кейін 2023 жылғы маусымнан бастап Департаментте штабтың аға инспекторы болып жұмыс істейді.
«Бала кезімде мен адамдарды өрттен құтқаратын батырларға қызығатынмын және Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкері болуды армандайтынмын. Осы жылдар ішінде менің мамандыққа деген махаббатым күшейе түсті. Мен мектепте жақсы оқыдым, болашақта пайдалы болатын негізгі дағдылар мен білімді игердім. Ресей Федерациясының ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясына түсу шарттары мен талаптары туралы білгеннен кейін, 2018 жылы мектепті бітірген соң мен іріктеуден өтіп, өз мүмкіндігімді жіберіп алмайын деп ойладым. Бұл шешім менің офицер болуға деген терең ниетімнен туындады. Академияға түсіп, кәсіби қарқынды дайындықтан өттім. Маған төтенше жағдайдың әртүрлі түрлерімен қалай күресуге, арнайы жабдықтар мен техниканы қолдануға, сондай-ақ командада жұмыс істеуге үйретті. Біздің саладағы міндеттер мамандыққа және лауазымға байланысты әр түрлі, бірақ міндет бір — бұл әр түрлі төтенше жағдайлар немесе өрттер салдарынан қиындыққа тап болған адамдарды құтқару және оларға көмектесу», - деп бөлісті жас офицер.
Тәжірибе жинақтай отырып, Ислам Қырғызбай бір кездері алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде. Штабтың аға инспекторы болып жұмыс істей отырып, Департамент бастығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестердің қызметін қамтамасыз етеді, Департаменттің қызметтік жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің ел шегінде жоспарлы қызметтік іссапарларға шығуын ұйымдастырады.
Департаментте жұмыс істеген қысқа мерзімге қарамастан Ислам өзінің талабымен, басшылық қойған міндеттерді шешуге сауатты көзқарасымен, сондай-ақ коммуникациялық қабілеттерімен және жауаптылығымен ұжымның құрметіне ие болды.
Бейінді жоғары оқу орындарының жас түлектері жылдар өткен сайын өрт сөндірушілердің аға буынның орнын лайықты түрде басып, әлемді басқа адамдар үшін қауіпсіз ете отырып, қоғамға пайда әкеледі деп үміттенеміз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі