Алматы облысында сел қаупіне қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар

Алматы облысында сел қаупіне қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар

Алматы облысының Іле Алатау тауларында 709 ірі және кіші мұздықтар бар,285 мореналық көлдер бар, олардың 76-ы ең серпінді және сел қаупі бар өзендерді тудырады мысалы:"Талғар", "Түрген", "Есік", "Ұзын Қарғалы", "Қаскелең", "Нарынкөл", "Шарын", "Шамалған", "Баянкөл", "Текес" олардың көптеген өзен салалары.

Сел қаупі бар өзендердің бойында 57 сел қаупі бар учаскелер бар, олардың тәуекел аймағында 848 түрлі мақсаттағы объектілер орналасқан.

Сел қаупі бар кезеңнің басталуымен аэровизуалды және жерүсті зерттеу жұмыстары жанданды (7 ұшу, 101 жерүсті зерттеу жүргізілді), жалпы мореналық көлдер сәуір айының басынан бастап қысқы режимнен біртіндеп шыға бастады, ал мамыр айының соңында барлық көлдерден тұрақты жер үсті ағыны байқалды.

Сондай-ақ, күнделікті сел қаупін мониторингілеу үшін 15 мамырдан бастап Қазселденқорғау қосымша сел қаупі бар учаскелерде 15 гидропост қойды, шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін авариялық бригада дайындалды (11 адам және 7 бірлік арнайы техника).

Сел қаупі бар кезеңнің басынан бастап елді мекендерге селдерге қауіп төндіретін ең серпінді 3 мореналық көлдерде оларды босату бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Алдын алу жұмыстары аясында сифон желілері салынып, ағызу арналары тереңдетіліп, су ағызу өз қарқынымен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта 3 көлден барлығы 709,48 мың текше метрден астам су төгілді, жұмыс ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.

Профилактикалық жұмыстар аясында ТЖД және Қазселденқорғау мамандары 14 жиын өткізіп, 1572 жадынама мен ұсынымдар берді. Жалпы, сел жағдайы тұрақты және бақылауда.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі