
2023 жылы 29 тамыз күні Райымбек ауданы ТЖБ қызметкерлері және Сарыжаз ауылының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп Сарыжаз ауылы "Күншуақ" балабақшасында "Балалардың отпен ойнауына жол бермеу туралы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мұндағы басты мақсат өміріміздің жалғасы болып табылатын бүлдіршіндерді түрлі төтенше жағдайлардан қорғау және балабақша қызметкерлерін төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге баулу болып табылады.
ТЖ қызметкерлері аталған шара барысында балабақша тұлғаларына өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, өрт немесе ТЖ кезінде «101» және «112» телефон нөмірлеріне хабарласу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, аталған шара барысында балаларға түрлі-түсті суреттермен бейнеленген, төтенше жағдай кезінде әрекет ету ережесі қамтылған жаднамалар таратылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі