Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді

2023 жылғы 30 тамыз  – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні,  барша қазақстандықтардың мемлекеттік мерекесі.

Конституция құндылықтарын нығайту, ата - бабалардың жүріп өткен жолдарының ауыртпашылығын түсіну, жаңа Қазақстанның жаңғырту үдерістерімен байланысты одан әрі даму перспективаларын түсіну мақсатында 2023 жылғы 29 тамызда Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Конституция күніне орай Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің акт залында салтанатты іс-шара өтті.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Данияр Болатбекұлы Қасымов ұжымды  айтулы мерекемен құттықтап, бақыт, амандық және ұзақ гұмыр тілегін білдірді. Іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрықтары жеке құрамның назарына жеткізілді.

Сонымен, қызметтік міндеттерін адал атқарғандығы үшін, жұмыста үлкен нәтижелерге жеткендігі үшін және салтанатты іс-шарада Конституция  күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор С. Шәріпхановтың бұйрығымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қонаев қаласының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны Уалижан Нұртас Нұржанұлына мерзімінен бұрын майор атағы берілді.

Сонымен қатар, марапатталды:

«Төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен – Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №9 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Есболат Мұратбекұлы Мұратбеков;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотасымен - Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ құтқарушысы Аслан Рымтайұлы Рымтаев;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хатымен - Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ КмҚЖБО диспетчері азаматтық қорғау сержанты Адильжан Рахимжанович Гаитов;

 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алғысымен - Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ӨСКҚ жедел кезекшісі азаматтық қорғау майоры Жандос Мақсұтұлы Мұхаметжан;

- Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өтеген батыр а. №8 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық старшинасы Нұрлан Жайықұлы Мұратбек;

Сондай-ақ іс-шара кезінде Абай облысы әкімінің алғыс хаттарымен:

  • Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Талғар қаласы №2 МӨСБ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау сержанты Бауыржан Болысбекұлы Мейрманов ;
  • Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Талғар қаласы №2 МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Нұрсұлтан Батжанұлы Қатаев;
  • Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Талғар қаласы №2 МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Азамат Жомартұлы Солтанғали;
  • Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Ұзынағаш ауылындағы №4 ӨСБ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау кіші сержанты Бекарыс Нұрмұқанұлы Узбекбай;
  • Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Ұзынағаш ауылындағы №4 ӨСБ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау сержанты Сырым Кенжеқұлұлы Досбергенов ;
  • Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Қаскелен қ. №5 ӨСБ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау сержанты Ануарбек Даулетханұлы Шалиев ;
  • Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Қаскелен қ. №5 ӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Адильжан Ильясұлы Омаров;
  • Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Бақанас ауылы №10 ӨСБ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау сержанты Санат Қуатбекұлы Мынбаев;
  • Алматы облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Бақанас ауылы №10 ӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Мақсат Мұратұлы Жайсикенов.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 28 тамызы күні Департамент аппаратының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамының қатысуымен Іле ауданы Өтеген батыр ауылында флешмоб ұйымдастырылып, өткізіліді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі