Алматы облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Алматы облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

            Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен жыл сайынғы республикалық өрт қауіпсіздігі (1 кезең – 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін; 2 кезең – 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін және 3 кезең – 15 қазаннан бастап жылыту маусымының соңына дейін) Департаменттің қызметкерлерімен, еріктілер, полиция департаментінің қызметкерлері және басқа да мүдделі органдар аулаларды аралап, рейдтер жүргізеді және өрт қауіпсіздігі талаптарын халыққа түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстары күшейтіледі.
            Департаменттің бастамасы бойынша өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңін өткізу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне бару жоспарланған.
           Айлықты өткізу кезінде пештер мен түтін мұржаларын, электр қондырғыларын ақаулықтарына және басқа да өрт қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударылады. Рейдттік іс-шара кезінде қарапайым өрт талаптары бұзушылықтар анықталған жағдайда үй иелеріне оларды жою жөнінде ұсынымдар беріледі, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыратын жадынамалар табыс етіледі.

                                                                         Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі