Алматы облысының өрт сөндірушілері өрттің көрші тұрғын үйге таралуына жол бермеді

Алматы облысының өрт сөндірушілері өрттің көрші тұрғын үйге таралуына жол бермеді

2023 жылы 24 тамыз күні сағат 01.52-де Алматы облысы ТЖД күштері Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылына жіберілді.

Оқиға орнына келгеннен кейін жалпы ауданы 112 шаршы метрді құрайтын үй мен шатырдың жануы орын алып, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін бір газ баллонының жарылуы орын алғаны анықталды. Жанып жатқан үйден сығылған ауадағы аппараттардағы газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері кез келген сәтте жарылуы мүмкін болған 25 литрлік бір оттегі баллонын шығарды.

Көршілес тұрғын үйге өрттің таралу қаупі туындады.Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сөндірушілер көрші үйді құтқара алды.

Өрт сағат 03:45-те толықтай жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖ Департаментінің 7 қызметкері мен 2 техникасы, Алматы қаласы №18 арнайы өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері мен 1 техникасы, Полиция басқармасының 3 қызметкері мен 1 техникасы, Жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖ Департаменті азаматтарға тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі