
Жазда су айдындарында қауіпсіз мінез-құлықтың ережелерін сақтау керек. Біріншіден, осы мақсатқа арнайы жабдықталмаған бейтаныс жерлерде шомылудан аулақ болу керек.
Екіншіден, шомылу кезінде:
- шомылу аймағының шекарасынан тыс жүзуге;
- қозғалыстағы кемелерге, қайықтарға, катерлерге, катамарандарға, гидроциклдерге жүзуге;
- су астында ұзақ уақыт тұруға;
- бейтаныс жерлерде, айлақтардан және осы мақсаттарға бейімделмеген басқа да құрылыстардан суға секіруге;
- ұзақ уақыт суық суда болуға;
- ащы асқазанға шомылу;
- суда сүңгу және бірін-бірі батыру ойындарын ойнау;
- тақтайшаларда, жатақтарда, бөренелерде, үрлемелі матрацтар мен камераларда жүзуге (жүзу нормасының шегінен тыс);
- жалған дабыл қағу;
Егер жүзу дағдысы болмаса, шомылу аймағының шекарасынан тыс жүзуге болмайды, бұл өмірге қауіпті.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Су айдындарындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көп жағдайда Сізге ғана байланысты!
Ауа райының ыстық болуына байланысты жаз мезгілінде су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, Сізге табиғи және жасанды су айдындарында мінез-құлық ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы өтініш білдіреміз. Сіздің балаларыңызбен суда болған жазатайым оқиғалардың алдын аласыз, бүгін және ертең балаларыңыздың өмірі осыған байланысты.
Суға шомылуға қатаң тыйым салынады:
- ересектердің қарауынсыз қалған балалар;
- бейтаныс жерлерде;
- үрлемелі матрацтарда, камераларда және басқа да жүзу құралдарында (ересектердің қадағалауынсыз).
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі