2023 жылдың 23 тамызында «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Рау Александр Петрович баяндама жасады.
«Өрт қауіпті кезең ағымдағы жылдың 20 наурызында басталып, 1 қарашасына дейін созылады. Табиғи өрттер халыққа және еліміздің экономикасы үлкен қауіп төндіреді. Қалыптасқан ауа рай жағдайлары, азаматтардың орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі және кешенді өртке қарсы іс-шараларын толық көлемде орындамаған жағдайда табиғи өрттер пайда болады. Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің аумақтарында 27 өрт тіркелді (2022 ж. – 30), 25 мың гектар алқапта (2022 ж. – 16 мың Га), оның ішінде орман алқабы 4 мың гектар (2022 ж. – 3 820 Га), табиғи өрттерден материалдық шығыны 28 млн. теңгені құрады (2022 ж. - 31 млн. теңге). Өрт қауіпті кезеңде елді мекендерден тыс жерлерде құрғақ шөптің 193 жануы орын алды (2022 ж. - 156), алаңы 362 гектар (2022 ж. – 252 Га)», - деді спикер.
Одан әрі А.Рау өрт қауіпті кезеңде дала өртінің шығу қаупін азайту мақсатында бөлім қызметкерлерінің орман шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Өрт қауіпті кезенде табиғи өрттердің пайда болу қаупін азайту мақсатында, Департамент қызметкерлері, орман шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп келесі жұмыстарды жүргізді. Облыстық, қалалық, аудандық табиғи өрттер туындаған жағдайда күштер мен құралдарды тарту жоспарларына түзету жүргізілді, сондай-ақ, халықты хабардар ету және хабарлау схемалары. Табиғи өрттерді ерте анықтау мақсатында, және де гидрометеорологиялық болжамдар және қашықтықтан облыстың аумақтарын және шекара маңы аумақтарының зондтау мақсатында, ҰК АҚ «Қазақстан Ғарыш Сапары» және «Қазгидромет» РМК мен шарттар жасалды. Табиғи өрттердің ықтимал ошақтарына мониторинг жүргізу бойынша Қазавиаорманқорғаумен шарттар жасалды. Азаматтық күштер қатарынан рейдтік іс-шаралар өткізу үшін қорғаныс, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы органнан 61 адамнан тұратын 30 мобильді топтар құрылды. Мобильді топтар 164 бірлескен рейд жүргізді, рейдтік іс-шаралардың натижесінде 47 жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппулдың сомасы 4 млн. 200 мың теңге. Instagram, Fasebook, Twitter, VK әлеуметтік желілерінде 639 үгіт материалдар жарияланды. Баспа басылымдарында 139 мақала жарияланды, теледидарда 8 сюжет, радиода 45 сөз сөйлеу шығарылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 124 елді мекенге іргелес аумақтардың құрғақ өсімдіктері мен жанғыш қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 840 км минералданған жолақтар жайластырылды, бұрын орналастырылған 320 км. жолақтарға күтім жасалды.
Қазіргі уақытта орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында жоғары 4 және 5 өрт қаупі сыныптары сақталады.
Брифинг соңында спикер азаматтарды табиғи өрттер мен тұтанулардың алдын алу үшін бірқатар қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды:
- тұрғын үйге іргелес аумақтырды, бау-бақша учаскелерін құрғақ шөптер мен қоқыстардан алдын ала тазалаңыз;
- тұрғын үй ғимараттарының аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс үйінділеріне жол бермеңіз;
- тұрғын үйлерде, саяжайларда және орман алқаптарында қоқыстарды өртемеңіз;
- өрт қауіпті кезеңде, орманда ашық от жағуға және темекі тұқылын тастауға болмайды;
- балалардың отпен ойындарын тоқтатыңыз;
- сөндірілмеген отты қалдырмаңыз. Оны сумен құю керек немесе жермен жабыңыз.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ірі жемшөп дайындау және дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, дәнді дақылдарды жинау және жемшөп дайындау кезеңінде өрттің алдын алу үшін, келесіге жол берілмейді:
1) тракторлар мен автомобильдердің капотсыз немесе ашық капотпен жұмыс істеуі;
2) қозғалтқыш радиаторларында шаңды жағу үшін дәнекерлеу шамдарын қолдану;
3) дала жағдайында түнгі уақытта автомашиналарға жанармай құю;
4) жанып тұрған сіріңке немесе басқа ашық отпен бактағы немесе цистернадағы отынның бар-жоғын тексеру;
5) жарамды ұшқын сөндіргіштерсіз ауыл шаруашылығы техникасының жұмысы.
Өрт қаупі жоғары сыныптары кезеңінде өрт қаупі бар кезеңде жердің барлық санаттары олардың тиесілігі мен формасына қарамастан меншік (ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдық жерлер), келесіге рұқсат етілмейді:
1) құрғақ шөпті өсімдіктері мен егін қалдықтарын күйдіру;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ауыл шаруашылығы құлауың өткізу.
Сонымен қатар спикер БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі