Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен шомылу маусымы басталғаннан бастап күн сайын облыстың су айдындарында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде, онда демалушылармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқамалар мен әңгімелер жүргізіледі.
Күшейтілген профилактикалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда адам өлімі санының 28% - ға немесе 7 жағдайға азаюына қол жеткізілді, оның ішінде балалар өлімі 3 есе азайды.
Сонымен қатар, Департамент құтқарушыларымен бүгінгі таңда облыс су айдындарында 80 адам, оның ішінде 18 бала құтқарылды. Сондай-ақ, рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Департамент қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін 42 жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының «ӘҚБК» 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 567 мың 525 теңгені құрайтын айыппұл салды.
Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін назардан тыс қалдырмаңыз. Бұл сіздің өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі