
Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жеке тұрғын үй тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кезекті профилактикалық рейд өткізді.
Рейд барысында Кедала саяжайларында 64 тұрғын үй қамтылып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулық өткізілді, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 150 жадынама таратылды.
Ағымдағы 2023 жылы әлеуметтік осал санатына және қолайсыз жатқызылған отбасыларға 206 улы газды анықтайтын датчик және 50 түтін анықтағыштары орнатылуда.
Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі алдын алу іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады, бірақ, өкінішке орай, адамдар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемей, өз өмірлерін ғана емес, айналасындағылардың да өміріне қауіп төндіреді.
Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі шекпеңіз, тұрмыстық және басқа техниканы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтаңыз, электр сымдарының оқшаулағышы зақымданған аспаптарды пайдаланбаңыз.
Өрт шыққан жағдайда бұл туралы "101" немесе "112"телефонына дереу хабарлаңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі