
Астық жинау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше маңыздылықты қажет етеді.Өрт қысқа уақытта астық қорын жоюы мүмкін.Астық-жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және қатаң орындау өрттің алдын-алудың маңызды шарты болып табылады.
Егін жинау кезінде және ол аяқталғаннан кейін, өрттің пайда болуының негізгі себептері:
-Отты абайсыз қолдану;
-Фермерлердің сабанды рұқсатсыз жағуы;
-Қолданыстағы техниканың электр ақаулығы;
-Ұшқын сөндіргіштердің жоқтығы;
Далалық жұмыстарды жүргізу кезінде қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары:
1.Барлық дала жұмыстарына қатысатын тұлғалар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен танысуы тиіс.
2.Өрт сөндіру құралдары нормаға сәйкес болуын және қолдануға дайын болуын, дереу пайдалану үшін мүмкіндік жасалуы тиіс.
3.Уақытша электр жарықтандырғыштар тоқ және жоғарғы кернеулі электр желілері егін және орман алқаптарынан 100 метр арақашықтықта орналасуы керек, дала қостары және егін алқаптары ені 4 метрден кем емес жолағымен жыртылады.
Өрт шыққан жағдайда ең алдымен, « 101» немесе « 112» нөміріне қоңырау шалыңыз. Есіңізде болсын, осы ережелерді қатаң ұстансаңыз өз өміріңіз бен дүние мүлкіңізді сақтай аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі