
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2015 жылдың 7 шілдесінде суға батып бара жатқан балаларды құтқарған Алматы облысының тұрғыны Рауан Бірқұрмановтың отбасын марапаттады. Бірқұрманов Рауан отбасымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Исаево ауылы маңындағы тоғанға барған. Сол кезде 10-12 жастағы балалар ата-анасының қарауынсыз суда шомылып жүрген, кенет ол балалардың суға бата бастағанын байқаған. Рауан көмекке асығып, киімімен суға кіріп, бір ұл мен бір қызды құтқарады. Сосын тағы екі баланы аман алып қалуға тырысып, олардың соңынан суға сүңгіп, қайтадан судан шықпады.
2023 жылдың 10 тамызы күні Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында ерлігі мен жанқиярлығы үшін қайтыс болған Бірқұрманов Рауанның отбасымен кездесіп, «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі