Кішкентай баланың отпен ойнауы өртке алып келді

Кішкентай баланың отпен ойнауы өртке алып келді

2023 жылдың 10 тамызында сағат 11:47-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Іле ауданы Өтеген батыр ауылы Гагарин көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар келді. Оқиға орнына дереу Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.
Қоңырау шалған жерге жеткенде дәретханада бір шелек қоқыс жанып кеткені, соның салдарынан пәтер мен подъезде қатты түтін шыққаны белгілі болды. Өрттің шығуына баланың отпен ойнауы себеп болған.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің көмегімен олар сыртқы есікті бұзып, пәтерге кіріп, құтқару қалпақшасының көмегімен балконда жатқан 2015 жылы туған қызды баспалдақ торы арқылы эвакуациялады. Құтқарылған қыз алдын-ала ақпарат бойынша «Көмірқышқыл газынан улану» диагнозымен Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, дәрігерлердің бақылауында.
Сол үйд тұратын 20 адам өз бетімен эвакуацияланды, оларға медициналық көмек қажет емес.
Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері мен 3 техникасы, жедел жәрдем бригадасының 3 қызметкері мен 1 техникасы, аудандық ішкі істер бөлімінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Қыздың туыстары мен үй тұрғындары құтқару жұмыстарына атсалысқан қызметкерлерге алғыстарын білдірді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі