Алматы облысында жоғалған азамат 70 шақырым қашық жерде табылды

Алматы облысында жоғалған азамат 70 шақырым қашық жерде табылды

2023 жылы 5 тамыз күні сағат 13:50-де Алматы облысы Балқаш ауданында 1994 жылы туған азаматты іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Ол 4 тамыз күні сағат 16:30-да достарымен демалу мақсатында Іле өзеніне келіп, шамамен 5 тамыз күні сағат 00:00-де дәретханаға шығып, қайтып оралмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 5 құтқарушы, 2 техника және 1 жүзу нысаны жіберілді.

2023 жылдың 6 тамызында сағат 23:40-та жоғалған азамат Бақанас ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан орманшының үйінен табылды. ОСО ДЧС көмегімен (5 құтқарушы мен 2 арнайы техника) жоғалған азамат Ақжар ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.

Алматы облысының ТЖ департаменті жолға шыққан жағдайда ақпаратты және жол жүру жоспарыңызды жақындарыңызға хабарлаудың маңызды екенін еске салады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі