
Демалыс жоспары мен жүрген жерлері туралы жақындарында ақпараттың болмауына байланысты Алматы облысының құтқарушылары екі іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізді.
2023 жылы 3 тамыз күні сағат 13:19-да достарымен бірге Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасына демалысқа келіп, жоғалып кеткен азаматты іздеу жұмыстары басталды. Жоғалған адам сағат 15:04-те демалыс орнынан үш жүз метр қашықтықта бөтен адамның тапшанында ұйықтап жатқан жерінен табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 11 құтқарушы, 1 техника және 1 жүзу нысаны жұмылдырылды.
Сондай-ақ, 2023 жылы 7 тамыз күні сағат 10:20-да Талғар ауданында 1990 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары басталды. Оның әйелінің айтуынша, 5 тамызд күні жолдасы досымен Сол жақ Талғар шатқалына қарай шыққан. 7 тамыз күні сағат 14:30-да жоғалған азамат досымен бірге үйіне оралды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның 6 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы және ТЖД ОСО-ның 6 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы жіберілді.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жақындарыңызға туристік бағытыңыз бен орналасқан жеріңіз туралы хабарлаудың маңыздылығын еске салады. Кем дегенде бір отбасы мүшесімен үнемі байланыста болу маңызды. Төтенше жағдайда 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі