Алматы қаласы мен Алматы облысының серпінді-қауіпі бар мореналық көлдеріне аэровизуалды тексеру жүргізілді

Алматы қаласы мен Алматы облысының серпінді-қауіпі бар  мореналық көлдеріне аэровизуалды тексеру жүргізілді

2023 жылғы 26 шілдеде «Қазселденқорғау» ММ басшысы мен мамандарының, Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.Қ.Құдайбергеновпен және Алматы облысы ТЖД  бастығымен бірлесе отырып, бірге серпінді-қауіпі бар мореналық көлдерге аэровизуалды тексеру жүргізді.

Алматы қаласы мен Алматы облысының серпінді-қауіпі бар  мореналық көлдері тексерілді. Серпінді-қауіпін босату жұмыстарының барысы тексерілді. Рекордтық жоғары температуралық режимдерді ескере отырып, мұздықтардың ағымдағы жағдайы зерделенеді.

Сондай-ақ, дағдарыстық сел жағдайларын ғылыми негіздеу мақсатында аэровизуалды ұшуға қатысу үшін «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ бас ғылыми қызметкері Н.В. Попов тартылды.

 

Алматы облысы ТЖД  баспасөз қызметі