
2023 жылғы 26 шілдеде Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының
қызметкерлері Алматы облысы ТЖД Талғар және Қарасай ауданының ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп ҚР Қызыл Жарты Ай қызметкерлерін шақырумен 28237 әскери бөлімнің әскери қызметшілері үшін төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы шұғыл көмек көрсету бойынша мастер-класстар өткізілді. Алғашқы көмек көрсету тақырыптары жүректің тоқтауы, күйік алған кезде, кене, жылан және улы жәндіктер басқалардың шағуы кезінде, сондай-ақ жыртылған, тесілген жаралар, жараларды таңу ережелері және зардап шеккендерді дұрыс тасымалдау. Сондай-ақ, Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен әскери қызметшілерге өрт қауіпті кезеңдегі
таулы жерлерде профилактикалық іс-шаралар өткізу бойынша нұсқамалар өткізілді. Әрі қарай, Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлерін тартумен, сондай-ақ Қызыл Жарты Ай және
әскери қызметшілермен бірлесе Маралсай шатқалындағы профилактикалық іс-шаралар және рейд жүргізді. 45 адам қамтылды, өртке қарсы тақырыпта 100 жадынама таратылды. Оқыту және жауынгерлік кезекшілікке дайындық, сондай-ақ, демалушылармен рейдтік іс-шараларды өткізу және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту оң нәтижесін көрсетеді.
Алматы облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады !
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі