Судағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2 адам тартылды

Судағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2 адам тартылды

Әуе шарлары фестивалін кең ауқымды өткізуге байланысты Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, ЖПҚ, волонтерлік ұйымдармен және көлік инспекциясы басқармасымен бірлесіп күшейтілген рейдтік-алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Тек 22 шілдеде 2 мыңнан астам адам қамтылды. Демалушыларға суда жүріс-тұрыстың негізгі ережелері түсіндіріліп, жадынамалар табыс етілді. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ су көлігін пайдалану құқығының жоқтығы үшін 582-баптың 2-бөлімі бойынша бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тәжірибе жалғастырылуда.
Алматы облысының ТЖД Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік талаптарын бұзбауды және балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі