Алматы облысының Жамбыл ауданындағы еңіс ағыны туралы ақпарат

Алматы облысының Жамбыл ауданындағы еңіс ағыны туралы ақпарат

2023 жылғы 21 шілдеде сағат 16:52-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қараарша ауылының Дегерес ауылдық округі елді мекенінде нөсер жауын-шашынның салдарынан еңіс ағын орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД, сондай-ақ Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарынан 30 адам және 2 бірлік техника күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.
Оқиға орнына келгеннен кейін жауын-шашынның салдарынан және таулы өзендердің беткейлерінде 36 км (Шиен ауылы) және 54 км (Қараарша ауылы) "Ұзынағаш-Бесмойнақ" облыстық маңызы бар автомобиль жолында ағынының қалыптасуы салдарынан  автожол төсемін тасқын су шайғаны анықталды (көлемі үлкен ағын суға байланысты). Қолданыстағы жасанды құрылыстар (құбырлар) су ағынына төтеп бере алмады. Нөсерлі кәріз жүйесі және жасанды құрылыстар (құбырлар) жоқ, осыған байланысты су ағынын ағызу жол төсемі арқылы жүреді. Жол бойында әртүрлі фракциялардың лайлары мен тастарынан шөгінділер пайда болды, салдарынан автожолдың осы учаскелерінде көлік қозғалысы жабылды. Сондай-ақ, орташа қысымды газ құбырының учаскесі (шамамен 70-80 метр) бүлініп, Шиен ауылдық округі Шиен ауылының орталық көшесінде орналасқан 140-қа  жуық аула аумағында су тасқыны орын алды.
Шиен ауылының халық саны 2 704 адамды, Қараарша ауылының халық саны 237 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта Ұзынағаш ауылында орналасқан ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 30 адам, ТЖ бөлімі мен №4 өрт сөндіру бөлімінен 20 қызметкер және техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарынан 20 қызметкер және көмекші техника оқиға орнына барды. Оқиға орнында аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия тиісті жұмыстарды жүргізуде.
"Ұзынағаш-Бесмойнақ" облыстық маңызы бар автомобиль жолының 54 км (Қараарша ауылы) жол қозғалысы қалыпқа қелтірілді. Жол төсемінде тастар мен балшықтан тазарту жұмыстары , арық желілері мен Ұзынағаш-Бесмойнақ тас жолының құбырлы өткелін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су басқан үйлердің аулаларында су айдау жұмыстары жүргізілуде. Тазалау және қалпына келтіру жұмыстары кезінде авариялық қызмет қызметкерлері 3 елді мекенді (Сұңқар, Қарарша, Бесмойнақ) газбен жабдықтаудан ажыратты.
Қазіргі уақытта "Тәуекел газ" ЖШС пайдаланушы ұйымы авариялық учаскеге газ құбыры желілерін қалпына келтіру бойынша авариялық топ жіберді. Қазіргі уақытта  судың деңгейңі төмендеді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі