
2023 жылғы 16 шілдеде жасөспірім Қапшағай су қоймасына батып кете жаздады.
Жасөспірім тоңып, суға бата бастады. Оны профилактикалық патрульдеу кезінде Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жағадан 50 метр қашықтықта байқады. Оны құтқару шеңберінің көмегімен құтқарып алып, жағаға жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж емес.
Алматы облысының ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі