Қапшағай су қоймасында ер адам құтқарылды

Қапшағай су қоймасында ер адам құтқарылды

2023 жылғы 15 шілдеде сағат 12-50-де Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары профилактикалық патрульдеу кезінде Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында 1993 жылы туған ер адамды құтқарды, ол орнатылған  "Шомылуға тыйым салынады! Абайлаңыз, шұңқыр!" белгілерін ескермей, шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылып, нәтижесінде шұңқырға түсіп, суға бата бастады.

Алматы облысы ТЖД Қонаев қаласының Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен және жүзу құралының күшімен ер адам құтқарылды. Медициналық көмекке мұқтаж емес. 

Алматы облысының ТЖД азаматтардан ескерту белгілерін ескеріп, тек шомылу үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда шомылуды және судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі