Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы заңсыз стихиялық қоқыс үйіндісінің жануы туралы ақпарат

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы заңсыз стихиялық қоқыс үйіндісінің жануы туралы ақпарат

2023 жылғы 14 шілдеде сағат 12:00-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылының маңындағы қоқыс үйіндісіне таралуымен құраған шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы облысының ТЖД, Түрген ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдары мен Қаракемір бекетінің 8 қызметкері мен 4 техникадан тұратын күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.

Өрт орнына сағат 12-35-те келгеннен кейін 100 ш.м. алаңда оттың  заңсыз стихиялық полигонға таралуымен құраған шөптің жануы орын алғаны анықталды.

Қабылданған шаралармен өрт сағат 13-40-та жедел түрде оқшауланды. Елді мекенге және жақын маңдағы құрылыстарға (ГБС) қауіп жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі