2023 жылғы 13 шілде күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Орманды дала өрттерінің алдын алу шаралары және шомылу маусымындағы алдын алу шаралары» тақырыбында брифинг өтті.

2023 жылғы 13 шілде күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Орманды дала өрттерінің алдын алу шаралары және шомылу маусымындағы алдын алу шаралары» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте өрт қауіпсіздік сұрақтары бойынша Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бақармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Кенжехан Самат Кенжехаұлы сөз сөйледі.

Спикер – Самат Кенжехаұлы атап өткендей,

Өрт қауіпті кезең өтуде және өрттің алдын алу саласындағы маңызды мәселе мемлекеттік орман қорын өрттен қорғау болып табылады. Табиғи өрттер еліміздің халқы мен экономикасына елеулі қауіп төндіреді. Табиғи өрттердің пайда болуы қалыптасқан ауа-райына, орман және дала алқаптарындағы азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауына және өртке қарсы іс-шаралар кешенін толық көлемде орындауға байланысты.

Облыс аумағында ағымдағы өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап аумақта құрғақ шөптер мен өсімдіктердің 21 жануы тіркелген, Мемлекеттік орман қоры жалпы ауданы 16 418 Га материалдық шығынмен 19 млн. 681 мың теңге елді мекендерден тыс жерде құрғақ шөп 148 Га аумақта 99 жану оқиғасы орын алды.

Құрғақ шөптің жануы бойынша белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 23 жеке және заңды тұлға 1 млн. 483 мың теңге айыппұл салынды.

Статистикаға сәйкес, көктем-жаз кезеңінде болған өрттердің 90% - дан астамының себептері құрғақ шөпті жағу, ғимараттардың жанында қоқыстарды жағу, тасталған темекі тұқылдары, отпен балалардың еркелігі болып табылады.

Алдағы уақытта табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында, өрт қауіпті кезеңде келесі жұмыстар жүргізілді:

Бұқаралық ақпарат құралдарында, Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, орман пайдаланушылармен, сондай-ақ халық арасында табиғи өртті алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Азаматтық қорғау күштері қатарынан рейдтік іс-шаралар өткізу үшін, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және ЖАО 51 адамнан тұратын 10 рейдтік топтар құрылды, 108 бірлескен рейд жүргізілді.

 Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке ҚР ӘҚБтК 367 бабы бойынша 13 жеке тұлға тартылды 1 млн. 198 мың 875 теңге сомасына айыппұл салынды.

 Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, шаруа қожалықтарымен 499 жиын өткізілді, жалпы саны 3847 адамды қамтитын 99 дөңгелек үстел құрылды. Орман шаруашылығы мекемелері 56 аншлаг пен билборд орнатты.

 Әлеуметтік медиа Instagram, Telegram және Алматы облысының ТЖД сайтында 465 үгіт материалдары орналастырылды. Бұл жұмыс баспа басылымдарында, теледидар және радио арқылы жүргізілуде.

 124 елді мекенге іргелес аумақтарды құрғақ өсімдіктерден және жанғыш қоқыстардан тазарту жүргізілді.

 Табиғи өрттерге ден қою үшін тиісті өрт сөндіру техникасы жауынгерлік дайындықта тұр.

Соңында спикер азаматтарды өрт қауіпті кезеңде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

         Судағы қауіпсіздік бойынша келесі спикер Алматы облысы ТЖД Азаматтык кортаныс баскармасының офицері ағалейтенант Тютерев Артем Олегович сөз сөйледі.

Шомылу маусымы кезіңде Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында,Алматы облысының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаментімен, Ұзынағаш ауылының 28237 азаматтық қорғаныс әскери бөлімімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізеді.

Шомылу маусымының басталуымен күн сайын жедел құтқару жасағы құрамында Қапшағай су қоймасының аумағына 10 құтқарушы және 5 жүзу құралы патрульдеу жүргізеді.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 123 жиын және 86 интерактивті сабақ ұйымдастырылды және өткізілді, сондай – ақ республикалық және облыстық телеарналарда 14 сөз сөйлеу, 264 радиохабар тарату, баспа басылымдарында-95 мақала жарияланды және 2 568 үгіт өнімі таратылды. 400-ден астам тыйым салу белгілері орнатылды.

Жергілікті полиция қызметімен және еріктілермен бірлесіп 164 рейд пен патрульдеу жүргізілді. Облыстың су айдындары бойынша ЖПҚ-мен бірлескен рейдтердің нәтижесінде ӘҚБтК-нің 440-бабы "қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу" және 364 "ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша 114 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млн.500 мың 870 теңге сомасына айыппұл салынды.

Алматы облысының аумағында ірі және ашық су қоймалары өте көп. Ескеретін жәйт, бұл орындар суға түсуге арналмаған. Суға түсуге рұқсат етілген орындар – Қапшағай су қоймасы жағалауында орналасқан коммуналдық жағажайлар.

Еске саламыз! Рұқсат етілген жерлерде ғана жүзуге болады. Сондай-ақ мас күйінде, денсаулығында ақауы бар адамдарға суға түсуге қатаң тыйым салынады. Кейбір жағдайда жүрек соғуының жиіленуі салдарынан адам тұншығып, суға батып кетуі мүмкін. Алкогольдік интоксикация кезінде адам өз күшін асыра бағалайды, қозғалыстарды үйлестіру жиі бұзылады. Бұл қан тамырларының спазмаларына, конвульсияларға әкеледі. Айтпақшы, конвульсиялар байсалды жүзушілерде болады. Олар сондай-ақ гипотермиядан туындауы мүмкін, сондықтан сіз суық суда жүзбеуіңіз керек және салқын суда 15-20 минуттан артық уақыт болуға болмайды.

Көбінесе, жағалаулардың, жалпы судың маңында тұратын балалар ересектердің қадағалауынсыз, шомылуға келе береді. Негізі, бұған қатаң тыйым салынған. Өз бетімен, үлкендердің қадағалауынсыз жүрген балаларды анықтаған жағдайда, біз оларды үйге жіберуге тырысамыз немесе олармен сөйлесеміз, судағы өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстырамыз. Жазғы уақытта біз ересектерді, ата-аналарды, балалардың судағы қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуге шақырамыз, балалармен демалуға тек шомылуға барлық жағдай жасалған, рұқсат етілген жағажайларға ғана баруға кеңес береміз. Егер сіздің балаңызбен жағажайға баруға мүмкіндігіңіз болмаса, онда балалар тобымен кем дегенде бір ересек, жауапты адамды жіберіңіз. Балалармен болатын барлық жазатайым оқиғалар, олардың ересектердің қарауынсыз қалуы себебінен болады»,-деп атап өтті спикер.

Брифинг соңында спикер азаматтарды шомылу маусымында барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі