2023 жылғы 10 шілдеде Қонаев қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінде Астана күніне орай, Қонаев қаласының бұқаралық-спорттық іс шараларды өткізу орталығының қолдауымен №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арасында "Үздік қарауыл" атты спорттық іс-шара өткізілді.
Жарысқа №1 өрт сөндіру бөлім қызметкерлерінен 26 қызметкері қатысты. Турнир бес жаттығудан тұрды: оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл баспалдағымен көтерілу, оқу мұнарасының 3-ші қабатының терезесіне үш тізе баспалдақпен көтерілу, көлденең жолақты тарту, арқан тарту, армрестлинг. Турнир қорытындысы бойынша Қонав қаласыың№1 өрт сөндіру бөлімінің 1 қарауыл командасының бастығының міндетін атқарушы Ж. Мұратқажыұлының басшылығымен жеңіске жетті. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубок, медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бұл іс-шара жеке құрамның моральдық психологиялық және спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі