
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы мен Іле өзенінің атырауында орналасқан
"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 2023 жылғы 22 маусым мен 2 шілде аралығында орын алған табиғи өрттің салдарынан қалыптасқан өрт қауіпті жағдайды аэровизуалды тексеріп, өртенген учаскелерді әуеден тексерді.
Әуеден барлауға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты, ол облыстың орман алқаптары мен ерекше қорғалатын аумақтарында төтенше жоғары өрт қауіптілігін жариялауға байланысты қалыптасқан өрт қауіпті жағдаймен жеке танысты.
Ұзындығы 1380 км маршрут бойымен ұшқан тікұшақ Балқаш ауданы аумағының көп бөлігін қамтыды. Ұшу барысында мүдделі мемлекеттік органдарға облыс халқы мен аумағын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі шараларды әзірлей отырып, нақты тапсырмалар берілді.
Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті өрт қаупі кезеңдегі мінез-құлық ережелерін еске түсіреді.
Табиғатта болған кезде өте мұқият болу керек!
Қайғылы жағдайды алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білу және сақтау қажет:
тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райы жағдайында от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады;
сыртта бөтелкелерді, сынған әйнектерді қалдырмаңыздар, олар күн сәулесінде линзаға айналады, астындағы шөптің өздігінен тұтануына дейін күн сәулесін шоғырландырады;
сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамаңыздар, сөндірілмеген от оақтарын қалдырмаңыздар;
басқа жерлерде от жағу ені кемінде төрт метр минералданған жолақпен шектелінген алаңдарда жүзеге асырылады;
пикник аяқталғаннан кейін от мұқият топырақпен жабылады немесе жану толығымен тоқтағанша сумен өшіріледі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі