Құрметті БАҚ өкілдері!
Осы мәселе бойынша бірқатар жарияланымдарда бұл оқиға өткен тәулікте болғаны туралы жазылмаған. Осыған байланысты қоғамда оқиғаның бүгін болып жатқаны туралы пікір қалыптасты.
Кеген ауданының Саты ауылындағы көшелерді су басқаны туралы бүгін тараған фотосуреттер мен видеолар кеше болған оқиғаға қатысты екенін атап өткен дұрыс.
Бүгінгі таңда аталған елді мекенде жағдай тұрақты, су басу жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 6 шілдеде нөсер жаңбыр салдарынан Ұлтарақ орталық көшесі бойымен өткен ағын суды қолданыстағы арық жүйесі өткізіп үлгере алмағандықтан, жиырма аула аумағын су басты. Су жерге сіңіп кетті. Су сору жұмыстары жүргізілген жоқ.
Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі