
Шомылу маусымы кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен, полиция департаментімен, Ұзынағаш ауылыңдағы 28237 әскери бөлімі және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.
Қоғамдық орындарда суда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар, сонымен қатар, судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Балалармен болған қайғылы фактілердің жиілеп кеткені және оларды қараусыз қалдыруға жол бермеу бойынша ата-аналармен профилактикалык әңгімелер жүргізіледі.
Ағымдағы жылы күшейтілген профилактикалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда адам өлімі санының 31% - ға азаюына қол жеткізілді, оның ішінде балалар өлімі 3 есе азайды.
Сонымен қатар, Департамент құтқарушыларымен бүгінгі таңда облыс су айдындарыңда 35 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ешбір жағдайда балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі