Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерватынының аумағында орын алған (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) өрттің жану аумағы 100 га.дейін азайтылды. Жану жетуге қиын батпақты жерлерде жекелеген аралдарда орын алуда. Жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейінгі қамыс жастығы жануды асқындырады, су төгетін құрылғыны пайдаланып борттан су ағызғаннан кейін қамыс жастығы жануды жалғастырады. Осыған байланысты, мотопомпалар мен шанц аспаптарын пайдалана отырып, сөндіру аралдарға десант жолдау арқылы жүзеге асырылады және өрт сөндіру жер үсті тәсілімен сөндіру жүргізіледі.
Сонымен қатар, желдің раушанын ескере отырып, таралу қаупі жоқ қарсы палмен сөндіру әдісі қолданылады.
Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен өртке қарсы жер жырту жүргізіледі. Елді мекендерге қауіп жоқ.
2023 жылғы 28 маусымда сағат 13-40-тан бастап табиғи өртті жеделдетіп жою үшін Қазавиақұтқару тікұшағы іске қосылды, оған қазіргі уақытта көлемі 100 тоннадан астам 34 суды ағызу жүзеге асырылды.
Жануды сөндіруге Алматы облысы ТЖД және "Іле-Балқаш "МТП" РММ, орман шаруашылығының 80 адамы мен 22 техникасы жұмылдырылды.
Бүгін 2023 жылғы 29 шілдеде "Қазавиаорманқорғау" еурокоптерімен Іле-Балқаш резерватына ұшу жүргізілі, жағдай бағаланып, жету қиын жеке аралдарындағы жану орындарына өрт сөндіру жүргізу үшін десантты қою жүзеге асырылады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі