
Өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері түрлі алдын алу іс-шараларын, оның ішінде оқу-жаттығуларды, халықтың демалатын орындарында атпен патрульдеу және рейдтік іс-шараларды, сондай-ақ облыстың шаруа қожалықтарымен өртке қарсы жер жырту және нұсқама өткізілді. Жамбыл ауданы бойынша профилактикалық рейдтер жүргізу үшін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қарғалы шекара бөлімшесінің ат патрулін және полиция қызметкерлерін тартты.
Орман өрттерінің негізгі себебі - демалыс кезінде орманда отты пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы. Өрттердің көпшілігі пикниктер, саңырау құлақтар мен жидектерді жинау орындарында, аң аулау кезінде, лақтырылған сіріңкеден, сөндірілмеген темекіден болады. Орман бөтелкелер мен шыны ыдыстарға толы екенін жиі көруге болады. Күн қатты қызған кезде олар күн сәулелерінен қызып отқа айналады, оның салдары үлкен өртке айналады. Орманда толығымен сөндірілмеген от шоқтары да үлкен апаттардың себебі болып табылады
Өрт қауіпті кезеңде ормандарда өрттердің туындауын болғызбау үшін :
кез келген ормандарда (қылқан жапырақты және жапырақты), өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде, шымтезек батпақтарында, ағаш кесу орындарында (кеспе ағаштарда), кесілген ағаш қалдықтарынан және дайындалған сүректен тазартылмаған жерлерде, шөбі кеуіп қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшар басының астында от жағуға жол берілмейді;
түтін түтіктерінен жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдары мен ыстық күлді, шыныны (шыны шөлмектерді, банкаларды және т.б.) лақтыруға болмайды;
аң аулау кезінде жанғыш немесе бықсыған материалдардан жасалған тығындарды пайдаланыңыз;
Өрт қауіпті маусым кезеңінде қоқысты жағуға тыйым салынады.
Біз тек табиғатты сақтау ғана емес, адамдардың қауіпсіздігін, олардың денсаулығы мен өмірі де сақтауын, Сіздің орман өрттерінің алдын алу жөніндегі іс-қимылдарыңызға байланысты екенін есте сақтаңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі