
Алматы облысының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мен Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Шамалған ауылында орналасқан Үшқоңыр балалар-жасөспірімдер мектебінің аумағында Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында ХV спартакиада өтті. Спартакиада аясында волейбол, шағын футбол, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, жүзу, үстел теннисі және бильярд бойынша жарыстар өтті.
Спартакиада қорытындысы бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келесі орындарға ие болды:
волейболдан Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрамасы 3 орын, шағын футболдан құрама 1 орын алды.
Тоғызқұмалақтан жарыста А. Құмарбекова 1 орын, Ж.Нүсіпов 2 орын және А. Саканов 3 орын алды. Бильярд ойыны бойынша М. Сыдықов - 2 орын. "Қазақша күрес" бойынша А.Жапарбекұлы және К. Сейдахмет 1 орынды, А. Базарбай 2 орынды иеленді. Жүзу бойынша орындар келесідей бөлінді: А. Мырзахметов 1 орын, М. Сабалаков және К. Қайыржан 2 орын алды. Үстел теннисінен Е. Есілханов 2 орын, ал А. Баяхметова әйелдер арасында 3 орын, жүзуден 1 орын алды. Жалпы командалық есепте Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 1 орынға ие болып, ақшалай сыйлықпен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі