
Шомылу маусымы кезінде адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын өңірдің су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізеді.
Облыстың су айдындарында рейдтер жүргізу барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін, атап айтқанда, мас күйінде суға түсу және тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 28 жеке тұлға ӘҚБК-нің 412-бабы «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 362 мың 250 теңге сомасына айыппұл салынды.
Негізінен, жазатайым оқиғалар мас күйінде демалушылармен, қараусыз қалған балалармен және тыйым салынған жерлерде шомылатын азаматтармен болады.
Осыған байланысты, Алматы облысының ТЖД Сізден шомылу кезінде негізгі ережелерді сақтауыңызды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі