
Шағын көлемді кемелерді, катерлерді және су мотоциклдерін пайдалануға байланысты Қапшағай су қоймасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысады.
Осылайша, 2023 жылғы 16 маусымда Жасақтың басшы құрамы Жетісу көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен шағын көлемді кемелер иелерімен, Алматы облысы бойынша Су көлігіндегі көліктік бақылау инспекциясымен ұйымдастырылған кеңестің жұмысына қатысты. Осы кеңесте Жасақ қызметкерлері су көлігін пайдалануға қатысты су айдындарындағы қауіпсіздіктің негізгі талаптарын кеме иелеріне жеткізді.
Сонымен қатар, Жасақтың құтқарушылары көліктік бақылау инспекторларымен және прокуратура қызметкерлерімен бірлескен рейдтерге қатысады. Демалыс күндері Көліктік бақылау инспекторлары шағын көлемді кемелерді пайдалануға байланысты бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 284 мың 625 теңгеге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582-бабының 1-бөлігі және 2-бөлігі бойынша 16 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі