
Абдолла Қарсақбаев орта мектебінің оқушылары үшін ашық есік күні өткізілді.
Экскурсияның мақсаты-оқушыларға бала кезінен отты қауіпсіз пайдалану ережелерін үйрету.
Сонымен қатар, тәрбиеленушілерге аудандағы өрт жағдайлары туралы нақты мысалдар беріліп, өрт сөндірушілердің жұмысы жан-жақты түсіндірілді. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тәрбиеленушілерге өрт сөндіру техникасын көрсетті, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары кезінде қандай жабдық пайдаланылатынын, өрттің жай-күйі туралы шақыру қайда түсетінін және жеке құрамның шақыруға қалай ұйымшылдықпен шығатынын көрсетті.
Бұл іс-шаралар оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауына бағытталған.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі