
Абай облысындағы орман алқаптарындағы өртті сөндіру жұмыстары бірнеше күн қатарынан жалғасуда. ҚР ТЖМ жедел штабының өкімі бойынша 2023 жылғы 9 маусымында Батпаев орманшылығының "Семей орманы" МОТР аумағындағы өрт орнына Алматы облысының Өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 9 техника бірлігі, сондай-ақ Ұзынаш ауылының 28237 әскери бөлімінің 100 әскери қызметшілерін және 6 техника бірлігі көлемінде қосымша күштері мен құралдары жіберілді.
2023 жылғы 11 маусымнан бастап Алматы облысының күштері мен құралдары Абай облысында орман өртін сөндіруге жұмылдырылды және бүгінгі күнге дейін оны жоюмен айналысады. 2023 жылғы 12 маусымда өрт сөндірушілер Талица ауылында жоғарғы орман өртін сөндіру үшін елді мекенді және азаматтардың мүлкін қорғауда тұрды, онда сауатты іс-қимылдарға және таңдалған дұрыс шешуші бағытқа сәйкес елді мекенге өрттің таралуына жол берілмеді.
13 маусымда Половинки мен Каштак ауылдарын қорғау үшін қайта орналастырылды, онда елді мекенге өрттің таралу қаупі де алынып тасталды.
Сондай-ақ, Семей қала жағына өрттің таралуын болдырмау мақсатында, жеке құрам орман алқабы ішінде жану ошақтарын жою үшін жұмылдырылды.
Пилотсыз ұшу аппаратын қолдана отырып, аэровизуалды өртті барлау кезінде жану ошақтарының болжамды көлемі және оның одан әрі бағыты анықталды. Барлық бекітілген учаскелерде жану ошақтардың жою жөніндегі қойылған міндеттерді орындалды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов "Семей орманы" МОТР аумағына аэровизуалды тексеру жүргізу кезінде Алматы облысы ТЖД қызметкерлеріне осы күндері Абай облысында өртті сөндіру бойынша атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Алматы облысы ТЖД гарнизонының орман алқаптарындағы өртті жою жұмыстары жалғасуда.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі