Алматы облысы ТЖД құтқарушыларымен екі жасөспірім құтқарылды

Алматы облысы ТЖД құтқарушыларымен екі жасөспірім құтқарылды

2023 жылғы 13 маусымында сағат 19:33-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Алматы облысы Талғар ауданының Талғар қаласында екі жасөспірім Талғар өзеніне түсіп, жартас жерлерге байланысты өздігінен көтеріле алмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді.
Сағат 20:10 - да 2010 жылы туылған екі жасөспірім құтқарылып, ата-аналарына берілді және олар көрсеткен көмегі үшін үлкен алғыстарын білдірді.
Медициналық көмекте қажеттілік жоқ. Құтқару жұмыстарына Талғар қаласының 2-МӨСБ 3 қызметкері мен техникасының 1 бірлігі жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауды және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі