Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Абай облысында орман өртін сөндіруге жұмылдырылды

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Абай облысында орман өртін сөндіруге жұмылдырылды
2023 жылдың 11 маусымынан бастап Алматы облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ-нің 31 қызметкері мен 9 техникасы Абай облысында орман өртін сөндіруге жұмылдырылды және бүгінгі күнге дейін оны жоюмен айналысады. 2023 жылғы 12 маусымда өрт сөндірушілер Талица ауылында жоғарғы орман өртін сөндіру үшін елді мекенді және азаматтардың мүлкін қорғауда тұрды, онда сауатты іс-қимылдарға және таңдалған дұрыс шешуші бағытқа сәйкес елді мекенге өрттің таралуына жол берілмеді.
 
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі