
"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 12 маусымдағы дауылды ескертуі негізінде 2023 жылғы 12 маусымның сағат 09-дан 2023 жылғы 13 маусымның сағат 21-не дейін күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батысқа ауысатын шығыс жел, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Солтүстікте, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сіздің аймағыңыздағы дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпарат туралы жедел ақпарат алу үшін Сіз "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі