Есіңде болсын, көмір өздігінен жануы мүмкін!

Есіңде болсын, көмір өздігінен жануы мүмкін!

Отынның өздігінен жану жағдайларын болдырмау үшін оны сақтау                          шарттарын мүлтіксіз сақтау қажет:

  • көмірді сақтайтын құрғақ орынды күн сәулесінің әсерінен, оны жанбайтын материалмен жауып қорғауға;
  • көмірді сақтау орындарының ағаш қалдықтарымен ластануына жол бермеуге;
  • жаңа көмірді өткен жылғы қалдықтармен бірге орналастырмау, әртүрлі сұрыптарды араластыруға болмайды;
  • көмірді жер асты коммуникациялары мен құрылыстарының үстінде сақтауға болмайды;
  • көмірі бар қатарлардың ішіне ауаның кіруін шектеу үшін қоймалау біркелкі, қабатты жүргізілуі тиіс;
  • көмірді ұзақ уақыт сақтау кезінде қатарлар қалыңдығы кемінде 5 см қалың саз қабығымен жабылады, оны жазда 5-10% әк ерітіндісімен бүрку керек;
  • өндірістік ғимараттардың жертөлесінде немесе бірінші қабатында орналасқан көмірді сақтауға арналған орын өртке қарсы тосқауылдармен (қабырғалармен және қалқалармен) белгіленеді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі