2023 жылғы 8 маусымда сағат 08-34-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының №6 қалалық жағажайында ер адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жолға шықты.
Оқиға орнына келгеннен кейін 1978 жылы туған ер адам мас күйінде болған кезде шомылу кезінде жағадан шамамен бір жарым шақырым қашықтыққа алыстап, өз бетінше жағаға орала алмағаны белгілі болды.
Құтқарушылар күшімен жағаға жеткізілді, медициналық көмек қажет емес.
Алматы облысы ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Суға кіруге және мас күйінде шомылуға қатаң тыйым салынады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі