Құтқарушылар Қапшағай су қоймасының жағалауындағы құмда тұрып қалған автокөлікті эвакуациялады

Құтқарушылар Қапшағай су қоймасының жағалауындағы құмда тұрып қалған автокөлікті эвакуациялады

2023 жылғы 7 маусымда сағат 22-50-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, "Золотые пески" демалыс базасының ауданында адамдармен көлік кептеліп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жолға шықты.

Оқиға орнына келгеннен кейін жағалауға демалуға келген бір жасар баласы бар ерлі-зайыптылар орналасқан "Chevrolet Nexia" маркалы автокөлік құмда қалып қойғаны анықталды.

Сағат 23-50-де  құтқарушылардың күшімен автомашина негізгі жолға эвакуацияланды.

Адамдар медициналық көмекке мұқтаж емес, үйлеріне аман-есен кайтті.

 

                                                    Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі