
Талғар қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Ансар есімді жасөспірімге экскурсия өткізілді. Жасөспірім Алматы қаласындағы "Medicare international" протездік-ортопедиялық орталығында протездеуден өтіп, орталық қызметкерлеріне өрт сөндіруші болғысы келетін арманы туралы айтыпты, олармен Алматы облысының ТЖД-нен Талғар қаласындағы өрт сөндіру қызметіне баруға рұқсат беру туралы өтініш білдірген. Денсаулығына қарамастан, Ансар өте жайдарлы және өрт сөндіруші болуды армандайды. Талғар қаласының өрт сөндірушілері жасөспірімге қолданыстағы барлық өрт сөндіру техникасы мен жауынгерлік киімдерін көрсетті. Ансар өрт сөндірушілердің киімдерін өлшеп киіп, өрт сөндіру машинасын басқаруға отырды. Талғар ауданы ТЖБ және Талғар қ. 2-МӨСБ қызметкерлері балаға қуанышты эмоциялар сыйлап, оған өрт сөндіруші болу арманына септігін тигізгендеріне мүмкіндік бергеніне қуанышты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі