
Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі "Молл Апорт" әкімшілігімен бірлесіп "Hawaii & Miami" аквапаркінің аумағында "балалардың судағы қауіпсіздігі"акциясын өткізді.
Акция аясында 250 адам қамтылып 267 дана жадынамалар мен брошюралар таратумен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Сондай-ақ балаларға суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық оқу-жаттығу көрсетілді.
Сондай-ақ аквапарк қызметкерлерімен нұсқаулық өткізілді.
Алматы облысы ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі