
"1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесіне және Талғар ауданының орта мектептеріндегі Соңғы қоңырауға орай Алматы облысы ТЖД Талғар ауданы ТЖБ қызметкерлері мектеп жиындарына қатысты.
Сондай-ақ, полиция басқармасының қызметкерлерімен және ауданның волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп Талғар ауданының орталық саябағында "Менің бақытты балалық шағым", "Балалардың отпен ойнау", "Балаларды қараусыз қалдырмаңыз", "Періштеңіздің қанаты жоқ", "Қауіпсіз демалыс", "Ересектерсіз балалар шомылмасын" тақырыптар талқыланды.
Іс-шара барысында қайырымдылық концерті, балалардың қойылымдары, өрт алфавиті бойынша конкурстар, балалармен ойындар ұйымдастырылды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бойынша магниттер мен жадынамалар таратылатын "Ашық қабылдау", сондай-ақ өрт сөндіру машинасының макетін және өрт киім-кешегін пайдалана отырып, көшпелі экскурсия ұйымдастырылды.
Бұл мереке мемлекеттің болашақ ұрпақ үшін жақсы жағдайларға қол жеткізу саясатына байланысты ерекше орын алады. Осыған байланысты, Алматы облысының Талғар ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және балалар жарақаттануын алдын алуға бағытталған іс-шаралар белсенді жүргізілуде.
Балалардың мүдделерін қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету біз ұстанатын еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі