Шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

2023 жылғы 30 мамырда сағат 11-00-де "Алматы облысы ТЖД ӨС және АҚЖ" ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Ж. Оразалинов Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.П. Рау, "Алматы облысы ТЖД" ӨС және АҚЖ" ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі В. А. Зобов пен "ӨС және АҚЖ" ММ ӨҰБ бастығы азаматтық қорғау майоры А.М.Алгожаевтың қатысуымен және Қонаев қаласындағы 1-ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, "Алматы облысы ТЖД ӨС және АҚЖ" ММ 2023 жылға бекітілген кестесіне сәйкес "Сити Қонаев" СОО объектісінде шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты-жағдайды бағалауда, шешуші бағытты таңдауда, жедел өрт сөндіру штабының жұмысында бірінші келген және кейінгі өрт сөндіру басшысының дағдыларын жетілдіру.

Шартты өртті сөндіру барысында келесі мәселелер пысықталды:

- шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен объектінің қызмет көрсетуші персоналы арасындағы өзара іс-қимыл;

- өрт сөндіру жедел штабының жұмысын, шешуші бағытты таңдауда, жағдайды бағалауда бірінші келген және кейінгі өрт сөндіру жетекшісі дағдыларын жетілдіру;

- өрттегі штаб пен тыл жұмыстары;

- өртті сәтті сөндіру үшін қажетті бөлімшелер мен техниканы өртке шақыру орнына күштер мен құралдарды шоғырландыру уақыты;

- жеке құрамның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтауы.

- орнату орындары, сондай-ақ өрт техникасына арналған кірме жолдар.

Алматы облысы ТЖД өрт-тактикалық оқу - жаттығуын өткізуге жалпы саны 79 қызметкерлерден құрылған жеке құрам мен 8 техника бірлігі, сондай-ақ өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды: "102"-3 адам және 1 техника бірлігі; "103" - 3 адам және 1 техника бірлігі; "104" - 2 адам 1 техника бірлігі; су арнасы-2 адам мен 1 техника бірлігі; электр желісі 5 адам мен 1 техника бірлігі.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тыңдай отырып, оларға жол бермеу мақсатында, анықталған қателер мен кемшіліктерді түсіндіре отырып талдау жүргізілді. Жалпылай айтқанда жеке құрам қойылған тапсырманы қанағаттанарлықтай атқарды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі