Басты мақсат өз ісінің маманы болу

Басты мақсат өз ісінің маманы болу

Кәсіби білім, практикалық тәжірибе, жауапкершілік сезімі мен тапсырылған іс, қызметкерлерді іріктеуде айқындаушы фактор болып табылады. Егер аталған факторлар әр қызметкердің бойынан табылатын болса, осындай  жеке қасиеттердің  үйлесіміне қол жеткізген өрт сөндіруші маманы өз әрекетімен нәтижелі, тиімді жұмыстың арқасында адам өмірі мен құндылықтарын сақтап қала алады.

Әрбір қызметкердің білімін арттыру мақсатында Кеген ауданы Кеген ауылының №7 өрт сөндіру бөлімінің базасында азаматтық қорғау подполковнигі Әбженбаев Мәметжанның басшылығымен жеке құрамның қатысуымен газ-түтіннен қорғау қызметінің 1-қосымшасына сәйкес рұқсаты бар жеке құрамның біліктілігін анықтау бойынша қосымша сабақ өткізілді.

Бұл іс-шаралар тоқсан сайын тұрақты негізде өткізілетіндігін атап өткен жөн. Сабақ барысында газ-түтінен қорғау қызметі тәлімдемесі терең түсіндіріліп, ДРАГЕР аппаратының құрылымы мен қолдану қағидалары жан-жақты пысықталды.

Сабақ қорытындысы бойынша жеке құрам тиісті деңгейде бағаланатын болады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі