Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жер сілкінісі кезінде эвакуациялау бойынша жаттығу өткізді

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жер сілкінісі кезінде эвакуациялау бойынша жаттығу өткізді

Азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығу жоспарына сәйкес,                      Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, «Muzzone» телеарнасы өкілдерінің қатысуымен Қырбалтабай ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте жер сілкінісі кезінде эвакуациялау бойынша жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында жер сілкінісі, балаларды қауіпсіз жерге көшіру                    және алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде мектеп басшылығы мен қызметкерлерінің іс-қимылдары пысықталды. Сондай-ақ, «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Судағы қауіпсіздік», «Өрт кезіндегі мінез-құлық қағидалары!», «Ормандар мен табиғаттағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» тақырыптарында ортақ сап жасалынып,  осы тақырыптар бойынша жадынамалар таратылды. Жаттығу процесі барысында балалардың, мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің даярлық деңгейі бағаланды. Жаттығудың негізгі мақсаты, жер сілкінісі кезінде  сауатты                және үйлесімді іс-қимылдарды үйрету.

 

 

 

 

                                   Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі